Алматы-Өскемен тас жолында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді

Сурет: pixabay
Абай облысында 22 қарашада сағат 18:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тас жолында тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, шектеу тас жолдың 615-967 шақырымы аралығында енгізілді. Бұл Алматы облысының шекарасынан Қалбатау ауылына дейінгі учаске.

"Жолдың бұл учаскесі "СинеМидасСтрой" БК " ЖШС-нің қайта жаңғыртуына жататынын айта кеткеніміз жөн. Қар құрсауын болдырмау үшін тас жолдың осы учаскесінде 20 арнайы техника мен 32 адам жұмыы істеп жатыр". "ҚазАвтоЖол"

Бұған дейін синоптиктер 23 қарашада Қазақстанда қар жауып, боран борап, көктайғақ болатынын болжап, ескерту жасаған болатын.

Қазақстан
Алматы облысы
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз