Әлеуметтік желіде "Жан Дос" мүгедектер қоғамдық ұйымының өкілі келісім шарт бойынша шығындарды өтеуді талап етіп жатқаны туралы видео жарияланды.
Қарағанды соты осы жағдайға түсініктеме берді.
2022 жылғы 1 қарашада Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Қарағанды облысы Ішкі істер Департаментінің "Жан Дос" мүгедектер қоғамдық ұйымына мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызы түсті. Іс материалдарынан 2022 жылғы 22 маусымда тараптар арасында полиция бөлімшесінің аумағына қоршаулар орнату және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасалғаны белгілі болды.Қарағанды сотының баспасөз қызметі
Қарағанды сотының баспасөз қызметі тартақан мәліметке сүйенсек, келісім шарт сомасы 200 млн теңге болған. Жұмысты аяқтау мерзімі – 2022 жылдың 20 қазаны 17 қазанда мердігер 72 млн теңгенің, 2022 жылдың 27 қазанында 33 млн теңгенің жұмысын тапсырған.
2022 жылдың 28 қазанында жауапкер өз бетінше талапкерге жұмыстарды орындау мерзімін бұзғаны үшін 202 288 теңге көлемінде тұрақсыздық айыппұлын аударған.
Міндеттемелердің тиісінше орындалмауын ескере отырып, 2022 жылдың 27 қазанында талапкер жауапкерге шартты орындау мерзімінің бұзылуына байланысты келісім шартты бұзу туралы хабарлама жіберген.
Қазіргі уақытта іс сотта қаралуда, 2022 жылдың 14 желтоқсанына сот отырысы тағайындалған. Тараптар арасында өзге даулар қаралмаған, шешім шығарылмаған.Қарағанды сотының баспасөз қызметі