Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеуді аяқтады

Сурет: Zakon.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың акцияларын заңсыз иемдену, оның ішінде ұрлау екі факті бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, зардап шеккендерге келтірілген шығын көлемі 6,6 миллиард теңгеден асады.

"Биыл15 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау актісімен бірге күдіктілерді сотқа тарту мәселесін шешу үшін прокуратураға жіберілді", - делінген хабарламада.

Ведомстводағылар нысан құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деп оның бақылауындағы "Ария-Жаңа Астана" ЖШС компаниясының басшылығы Гүлмира Сатыбалды мен мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары да күдікке ілінгенін түсіндірді.

"Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді. Бұл факті бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, іс күдіктілер мен олардың қорғаушыларына тексеруге жіберілді", - делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты "бизнесті басып алу және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасып жатқанын" жеткізді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы