Елімізде 2 күнде 14 адам газдан уланып, 3 адам қайтыс болды

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігі
ТЖМ мәліметінше, жылыту пешін орнату және пайдалану ережеcін бұзу - халық арасында улы газдан уланудың кең таралған себебі. Өткен тәулікте республика бойынша 14 адам nүрлі дәрежедегі улы газдан улану себебінен ауруханаға жатқызылып, 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Құрметті азаматтар! Ықтимал қайғылы салдардың алдын алу үшін үнемі абай болыңыз және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. ҚР ТЖМ халыққа жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жоюды ұсынады. Пештердегі жарықтарды жою, мұржаларды 3 айда кемінде 1 рет тазалау, аязда пештерді қатты қыздырмау, от жағу үшін ұзындығы от жағу өлшемінен аспайтын отынды пайдалану қажет. ТЖ туындаған жағдайда "112" нөмірі бойынша хабарлау қажет", - деп ескертті Төтенше жағдайлар министрлігі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды