Полиция департаменті Рустам Әбдірахмановқа тінту жүргізілгені туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Сурет: Facebook/Рустам Абдрахманов
Әлеуметтік желілерде қылмыстық іс аясында Алматы облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахмановқа тінту жүргізілгені туралы ақпарат тарады. Облыстық полиция департаменті осы ақпарат жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рустам Әбдірахмановқа тінту жүргізілгені туралы саясаттанушы Ербол Еділов telegram арнасында жазды.

"Кейбір ақпарат көздерінің мәліметінше, "Адам жегіш" лақап атымен танымал Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының қылмыстық ісі аясында Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рустам Әбдірахмановтың тұрғылықты жері мен жұмыс орнына тінту жұмыстары жүргізілді", – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол Полиция департаментінің құпия бөлімшелерінің қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір орта буын басшыларынан жауап алынғанын мәлімдеді.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі осы ақпаратқа түсініктеме берді.

"Ол іспен басқа мемлекеттік органдар айналысып жатыр. Оған тінту жүргізілген жоқ, ол күдікті емес. Оның мәртебесі – куәгер. Ол ресми жұмыс істейді, қызметінен уақытша шеттетілген жоқ", – деді Полиция департаментінің өкілі.

18 желтоқсан күні журналист Михаил Козачков "қылмыстық топқа рейдерлік жасауға көмектесті" деген күдікпен ұсталды.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды