Ақтөбе облысында жол апатына ұшыраған балалардың ата-аналары мән-жайды айтып берді

Ақтөбе облысында жол апатынан зардап шеккен балалардың ата-аналары оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бес оқушы жансақтау бөлімінде, үш бала хирургия бөлімінде ем алып жатыр, деп мәлімдеді КТК тілшісі.

Жол апатынан жарақат алған сегіз оқушының ата-анасы күні-түні аурухана есігін күзетіп жүр. Олар ауыл балалары жарысқа қатынау үшін ешқашан көлік қарастырылмағанын айтты.

Бүкіл басшы кінәлі, әкімнен бастап кінәлі. Біліп тұр бұл жаққа ескертіліп, қамтамасыз ету керек қой. Ештеңе істеп жатқан жоқ. Мал емес қой, тоғыз бала, бірден тиеп алу мүмкін емес қой. 11 адам тиеп алған жеті орындыққа.Бибігүл Кәрібаева

Дәрігерлер екі оқушыны ұйықтататын дәрі беріп, арнайы тыныс алу аппаратына қосып қойған. Миы тыныққан соң екі-үш күннен кейін оятпақшы

Үшеуі есін жиді. Ота жасалды. Екеуі ИВЛ-де жатыр. Жасанды өкпе желдеткіште бірақ оң динамика бар. Неврология, бірақ оларды медикаментоздық еммен 45 күндей ұстаймыз. Бас жарақатына тыныштық керек. Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев

Жол апаты кезінде балалардың жанында болған жаттықтырушы да комада жатыр. Оның басы жарылып, мойын омыртқасы сынған.

Спорт мектебі директорының орынбасары тізгіндеген жеңіл көлікте 11 адам болыпты. Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжановтың сөзінше, жүргізуші жолай ұйықтап кеткен.

Қылмыстық іс бойынша жүргізуші қамауға алынды. 371-баптың 2-шбөлігімен салғырттық және балалар мен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша тергеу басталды. Жүргізуші ұйықтап кеткен.Ғалым Байжанов

Волейболдан жарыс ұйымдастырған Облыстық спорт басқармасының басшылары өзіне шаң жуытар емес. Олар ауыл балаларының жол шығыны үшін қанша ақша қарастырылғанын да білмейді. Аймақтағы он екі ауданның тек бесуіндегі спорт мектебінде көлік бар деп отыр. Қалғандары бұған дейін жарысқа такси жалдап жетіп отырыпты. Спорт басқармасының басшысы «Осы қайғылы оқиғағадан кейін қызметтен кетесіз бе?» деген сұраққа сол күйі жауап бермеді.

Еш пікірімді айтпаймын. Мұндай жағдай бірінші рет. Бала қауіпсіздігіне спорт мектебі басшылары жауап береді. Сондықтан олармен жоспарлы жұмыс жүргізіп келеміз. Ақтөбе облысы спорт басқармасы басшысының орынбасары Евгений Гончаров

17 желтоқсан күні болған жол апатынан кейін Темір ауданындағы спорт мектебі басшысының үстінен да іс қозғалды. Ал облыстық әкімдік қызметтік тексеру жүргіземіз деп отыр. Оның нәтижесі қашан шығары белгісіз.




Ақтөбе
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: