"4 күн бойы өмір үшін күрестің. Реанимацияда 4 күн жаттың. 4 рет өмір сүргің келді....бірақ дегеніңе жете алмадың, жүрегің тоқтап қалды. Біз қазір демалысқа шығар едік. Алматыда Арбатты жайбарақат аралап, қолымыздан ұстап, кофе ішер едік. Өйткені біз осыны жоспарладық емес пе? Сол күні, 16 қарашада сені кезекшілікке шығарып салғанымда, ештеңе ойланбастан: "Алақай, 20-на соңғы ауысымың бар, сосын біз демалысқа шығамыз" дедім. Сен "Жаным, соңғы емес, кейінгі кезекшілігім бар" дедің. Осылайша, 20 қарашада сен мәңгі, бітпейтін, ұзақ, керіп қайтып келмейтін демалысқа шықтың. Ал қазір осында келдім, тек біз жоспарлағандай емес. "Жыл батыры" номинациясы бойынша "Алтын Адам" сыйлығын алуға келдім", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Еске салайық, 2022 жылғы 16 қарашада астаналық өрт сөндірушілер қаладағы өртеніп жатқан пәтерден бес адамды құтқарды. Кейін оқиға кезінде өрт сөндірушілердің өздері де зардап шеккені хабарланды, Өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің денесінің 80 пайызы күйген.
Ол 20 қарашада ауруханада қайтыс болды. Кейін Президент Тоқаев Асқар Забикулиннің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы сонымен бірге Асқар Забикулин I дәрежелі "Айбын" орденімен наградтау туралы жарлыққа қол қойып, Астанадағы көшелердің біріне марқұмның есімін беріп, бюстін орнату жөнінде тапсырма берді.