Алматылық өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 93 жастағы әжені алып шықты

Сурет: Zakon.kz
Алматылық өрт сөндірушілер 1929 жылы туған әжені өртеніп жатқан үйден алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бакинская көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама 2022 жылғы 22 желтоқсанда сағат 13:51-де келіп түскен.

Үйдің шатыры өртенген. Одан өрт жанындағы қоражайға тараған. 

Ең жақын бөлімшелер өрт орнына хабарлама түскен соң 4 минуттан кейін жетті. Адам бар-жоғын барлау кезінде 1929 жылы туған әжей құтқарылды. Өрт 14:15-те (келген сәттен бастап 20 минутта) оқшауланып, 14:27-де (келген сәттен 32 минуттан соң) сөндірілді. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

4-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, бас инженер Асылхан Тұран терезені шағып жатқанда, көмекке келген өрт сөндіру бөлімінің командирі Санжар Тайсариев пен өрт сөндіруші-құтқарушы Нұржан Жанқұразов есікті бұзып, үйге кірді. Құлыптаулы бөлмеде өрттен бейхабар қарт кісі жатқан.

Асылхан Тұран, Санжар Тайсариев пен Нұржан Жанқұразов әжейді сыртқа шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.



Дәрігерлер тексергеннен кейін 93 жастағы әже туыстарына тапсырылды. Оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп төнбеген.



Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты