Ақтөбе облысында тоғызыншы сынып оқушысы жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Сурет: polisia.kz
Ақтөбе облысының полицейлері жұмбақ жағдайда қайтыс болған тоғызыншы сынып оқушысының өлімінің мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы жағдац Шалқар ауданы Айшуақ ауылында болды, деп мәлімдеді КТК.

Полицейлердің айтуынша, қайтыс боларының алдында оқушы 11-сынып оқушыларымен жүрген. Олар ішімдік ішкен, сондықтан полицейлер жігіттер арасында өзара  жанжал болуы мүмкін деп болжап отыр. Бірақ оның өліміне нақты не жағдай себеп болғанын қазір тергеушілер анықтап жатыр.

Баланың жансыз денесін ауылдық дәрігерлік амбулаторияға мектеп оқушылары апарған. Бірақ одан еш қайран болмады.

Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Алайда бұл істе он бірінші сынып оқушыларының бірі күдікті ретінде тергеліп жатыр.

Қайтыс болған оқушының жүрегінде ақау болған, ол есепте тұрған.

"Кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі тергеу аясында өзге мәліметтер жария етілмейді". Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов





Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек