Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы ректоры 7 жылға сотталды

Сурет: Facebook/Qyzdar Universitetı
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Zakon.kz желілік басылымына Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы ректорына қандай үкім шыққанын хабарлады.

Агенттік таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қарасай аудандық сотының үкімімен бұрынғы ректор – "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің" КЕАҚ басқарма төрағасы Гаухар Алдамбергенова, ректордың кеңесшісі Қожантаев (Алдамбергенованың туған ағасы) және "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалының Қарасай Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің басшысы Журунов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Осы үкіммен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініңі мәліметінше, бөлімібасшысының орынбасары Д. Жұмаділ мен бөлім маманы Е. Кемал шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Барлық сотталғандарға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жаза қолданылды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі 

Тергеу барысында сотталғандар жалған тұлғаларға тіркеп, университеттің 9 га жер телімін сегментке бөліп, адал сатып алушыларға сатқаны дәлелденді.

"Соның салдарынан университетке 95,5 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ". Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі 


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты