Ұлытау облысында ас беру кезінде газ баллоны жарылып, 16 адам зардап шекті

Сурет: Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі
27 желтоқсанда Ұлытау облысындағы Жаңаарқа ауылының жеке тұрғын үй аумағында ас беру кезінде газ баллоны жарылып, 16 адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, баллон тұрғын үйдің маңындағы моншада жарылған.


"Жарылыс салдарынан 100 шаршы метрді құрайтын моншаның шатыры қирап, от тұтанған", делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

Сондай-ақ, жарылыстан 16 адам зардап шекті, олардың сегізі ауруханаға жатқызылды, біреуінің жағдайы өте ауыр. Медициналық тексеруден кейін сегіз адам үйіне босатылды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, қауіпсіздік техникасы өрескел бұзылған, газ баллоны аяздан үй-жайға кіргізіліп, от жағатын құрылғы жанына орнатылған". Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі


Сурет: Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Қазақстанда БҰҰ өңірлік орталығы ашылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды