Жетісу облысында жеңіл көлік аударылып, екі адам қаза тапты

Сурет: polisia.kz
1 қаңтарк күні "Талдықорған – Үштөбе" тас жолының 10-шақырымында Фольксваген Гольф автокөлігі жол-көлік апатына ұшырап, салдарынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz Telegram арнасының жазуынша, 42-жастағы көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, аударылған.

Апат салдарынан жүргізуші мен автокөліктегі 35 жастағы жолаушы әйел қайтыс болды.

Ведомство өкілдері бұл дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Полицейлер өңірде 31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін ауа райы нашарлап, көктайғақ болатынын ескертті.

Осыған байланысты ІІМ қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, рұқсат етілген жылдамдық режимінен аспауға шақырды.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды