Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан сержанттың анасы ұлын соңғы рет қашан көргенін айтты

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан кіші сержант Нұрбосын Алмасовтың анасы Zakon.kz тілшісіне ұлы жайлы естелік айтып берді.

Нұрбосын Алмасов Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция бөлімінде қызмет атқарған.

Марқұмның анасы Гүлсім Сейтқалиеваның айтуынша, Нұрбосын бала күнінен полицей болуды армандаған екен әрі өте батыл, көңілді жан болыпты.

Журналистермен сұхбатында ол ұлын соңғы рет 2022 жылғы 4 қаңтар күні көргенін айтты.

Ол үйде демалып жатқан еді, таңертең тұрып, жұмысына жинала бастады. "Мама, мен жұмысқа баруым керек" деді. Мен не болғанын сұрадым. Ол маған: "Білмеймін, мама. Маған телефон соғып жатыр" – деді. Ол қалжыңдасып, жұмысына кетті, мен ешнәрседен күдіктенбедім. Жай ғана "құдай сақтасын" дедім, болды", – деп еске алды Гүлсім Сейтқалиева ұлын соңғы рет көрген сәтін.

Нұрбосын үйінің кенжесі, 27 жаста еді. Наурызда үйленгелі жүрген.

"Мен оны жұмысына шығарып салғанда, бәрі жақсы, тыныш болғандай еді. Біз қалада болдық, қайтып келе жатқанда ызалы топты көрдік, қатты ашулы топ еді, мен қорқып кеттім де, балама хабарластым. Ол маған: "Мама, бәрі жақсы" – деді. 5 қаңтарда шерушілер Бостандық ауданының ішкі істер бөліміне шабуыл жасады". Гүлсім Сейтқалиева

5 қаңтар күні Бас прокурор қаралы қаңтар кезінде 238 адам қандай жағдайда қайтыс болғанын айтты.


Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: