Алматы облысында үш бала түтінге уланып, ауруханаға түсті

Сурет: Zakon.kz
4 қаңтарда Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында көпқабатты тұрғын үйде 4 адам пештен шыққан түтінге уланып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz .

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мұржа бітеліп қалғандықтан, түтін шығып, әйел адам мен үш бала сол түтінге уланған.

"1997 жылы туған әйел мен 2019, 2020 және 2022 жылы туған үш бала ауруханаға жатқызылды. Жағдайлары орташа ауырлықта". Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Төтеншеліктер уланудың және адам өлімінің алдын алу мақсатында тұрғындарға үйдің, пәтердің өртке қарсы жай-күйін тексеруге, пеш және электр сымдары мен электр аспаптарының жарамдылығына ерекше назар аударуға шақырды. Егер қандай да бір кемшіліктер табылса, оларды дереу жою керек.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі