Ұлттық қауіпсіздік комитеті үш қалада арнайы операция жүргізіп, 16 тонна есірткі тәркіледі

Сурет: gov.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің әртүрлі өңірінде ірі көлемде көкнәр шикізатын сату қылмысына қатысы бар топтың заңға қайшы іс-әрекетінің жолын кесуге бағытталған арнайы операция жүргізіп, жалпы көлемі 16 тонна болатын есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, жедел зерделеу жұмысының нәтижесінде Петропавл қаласында есірткі қылмысына қатысты топтың көмекшілері ұсталып, 5,5 тоннаға жуық апиын алынды.

"Осы операцияның екінші кезеңі барысында Өскемен қаласында 1 тонна көкнәр шикізатын алу үстінде есірткі курьері ұсталды. Дәл осы уақытта, Қарағанды қаласында жалға алған қоймаларда 10 тоннадан аса есірткі шикізатын сақтап келген есірткі қылмысына қатысты топтың ұйымдастырушылары ұсталды".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Бұған қоса ведомство өкілдері тінту шаралары барысында есірткі қылмысына қатысты топ қатысушыларынан жарақаттаушы және суық қару, сонымен қатар ірі көлемде ақшалай заттар табылып, тәркіленгенін хабарлады.


Сурет: gov.kz

Алдын ала тергеу анықтағандай, аталған апиын тамақ өнімдері түрінде шетелден Қазақстан аумағына кіргізіліп, есірткіге тәуелді ортада саудаланған.

Жалпы қолға түскен есірткі көлемі 16 тоннадан асты. Қазір жедел-тергеу амалдары жүріп жатыр.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді