Ақтөбе облысында 71 жолаушысы бар екі автобус жолда қалып кеткен

Сурет: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақтөбе облысында жолаушыға лық толы екі автобус жолда қалып кетті. Бірі Ырғыз ауданынан 20 шақырымда, ал екіншісі Қарабұтақ ауылынан 2 шақырым қашықтықта "Самара-Шымкент" тас жолы бойында бұзылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, автобус ішінде 40 жолаушы болған, оның 38-і - Өзбекстан Республикасының, тағы үшеуі Қазақстанның азаматтары болып табылады.


Сурет: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі


"Ауа райының қолайсыздығына байланысты, жолдың жабық болу салдарынан барлық жолаушы Ырғыз ауылындағы орта мектепке орналастырылды. Сол күні Әйтеке би "Самара-Шымкент" тас жолының 968-ші шақырымында жолаушылар автобусы тұрғаны туралы ақпарат келіп түсті. Автобуста барлығы 31 Өзбекстан Республикасының азаматы болған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты, жолдың жабық болу салдарынан барлық жолаушы Қарабұтақ ауылының мешітіне орналастырылды", делінген хабарламада.

Құтқарушылар көлік жүргізушілеріне жол жабық болған кезде жолға шықпау қажеттігін еске салады.


Сурет: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі


Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді