Ақтауда ер адамның үстіне 6-қабаттан диван құлап кетті

Сурет: Zakon.kz
Ақтау қаласының 39 жастағы тұрғынының үстіне көпқабатты үйдің терезесінен диван құлап кетті. Ер адам ауыр жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, жәбірленуші сал болып қалған.

"Дәрігерлер оған мойын омыртқасының сынуы, жұлынның ауыр жарақаты деген диагноз қойды", - деп түсіндірді аурухананың баспасөз қызметі.

Inaktau.kz сайтының хабарлауынша, ауруханаға түскен ер адамның туыстары оқиғаның куәгерлерін іздеп жатыр. Жәбірленушінің ағасының айтуынша, 11 қаңтар күні күндіз, болжам бойынша, 11-шағын аудандағы үйлердің бірінің алтыншы қабатындағы терезеден диванның бұрышы ер адамның үстіне құлаған. Туыстары жасөспірімдер кінәлі болуы мүмкін деп отыр. Диван 6-қабаттағы терезеден лақтырылған.

Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

"Аталмыш факті ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы (Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру) бойынша Ақтау қаласы Ішкі істер басқармасы Төтенше жағдайлар комитетіне тіркелді".Маңғыстау облысының Полиция департаменті

Бұған дейін Павлодарда тоғызыншы қабаттың балконынан құрылыс қалдықтары лақтырылған еді.

Ақтау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі