Ішкі істер министрлігі қыздың соққыға жығылғаны түсірілген видеоға пікір білдірді

Сурет: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде үш қыздың құрдастарын қалай ұрғаны туралы кадрлар пайда болды. Ішкі істер министрлігі видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция бұл ескі видео деп болжады, бірақ нақты ақпарат болмағандықтан тексеруге уәде берді. Қазір бұл іс бойынша мониторингтік топ жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасынан хабарлады.

Тәртіп сақшылары ұрып-соғу фактілері тіркелмегенін де айтты.

Психолог жеткіншектер үшін ең бастысы ата-ананың қолдауын сезіну екенін ескертті. Кез келген адам қандай да бір қорлау, бопсалау, соққыға ұшыраса, жақындарына бұл туралы айтудан қорықпауы керек. Сосын мектеп басшылығынан көмек сұраған абзал.

"Көмек сұраймын, осыған назар аударуыңызды сұраймын" деп айтудан қорықпау керек. Мұғалім назар аудармай, мәселені шешпесе, онда директорға, директор шешпесе, Оқу-ағарту министрлігіне, министрлік шешпесе, бүкіл органды: полиция, прокуратураға жүгіне аласыз".Когнитивті мінез-құлық психотерапевті Елена Тен



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді