Есік қаласында газ баллоны жарылып, екі шетелдік ауруханаға түсті

Сурет: Алматы облысы ТЖД
18 қаңтарда Есік қаласындағы тандыр нан пісіретін наубайхананың бірінде газ баллоны жарылып, екі Өзбекстан азаматы күйіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментіне жарылыс туралы хабар түнгі сағат 2.00 шамасында түскен. Өрт сөндірушілер жарылыс қауіпсіздік ережесін бұзу салдарынан болғанын анықтады.

"Наубайхананың қоймасында 50 литрлік тұрмыстық газ баллонын пайдалану кезінде қауіпсіздік талабын сақтамау салдарынан 10 шаршы метр аумақта өрт шықты. 96 шаршы метр аумақтың қабырғасы мен шатыры опырылған", - деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өзбекстанның екі азаматы зардап шекті. Екеуінің де аяқ-қолы екінші дәрежелі күйік алған. Олар жергілікті ауруханаға жатқызылды.

12 қаңтарда Ақтаудағы техникалық қызмет көрсету станциясында алты газ баллоны жарылған. Үш адам ауыр жарақат алды. Екі адам денесінің 65%-ын және тыныс алу жолдарын күйік шалған аса ауыр шок күйінде жансақтау бөліміне жатқызылды.


Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды