Шекарада Қазақстанға 275 келі зергерлік бұйымды алып өтпек болғандар тұтылды

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
19 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының "Қордай" автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстанның екі азаматының ірі көлемде зергерлік бұйымдарды кіргізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, шекаралық тексеру барысында автокөлік салонында жалпы салмағы 275 келі зергерлік бұйым салынған 8 жол сөмкесі анықталды.

Зергерлік бұйымдар одан әрі тексерістер жүргізу үшін Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аймақтық бөлімшесіне тапсырылды.


Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды