Атырауда қаңтар оқиғасына қатысқандарға сот үкімі шықты

Cурет: Zakon.kz
Атырауда қаңтар оқиғасына қатысқан 27 азаматқа үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бәріне жаппай тәртіпсіздікке қатысу, билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз иемдену және оларды қорқытып алу баптары бойынша айып тағылған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

27 адамның ешқайсысы түрмеге қамалмаған, бәріне рақымшылық жасалды. Екі азамат қылмыстық жауапкершіліктен толық босатылса, 17-сі жазасын өтеуіне байланысты бостандыққа шықты. Ал 7 адамға шартты жаза қолданылған.

"Сотталушылар өз кінәсін мойындап, ісәрекетін саралап отырған баппен келісіп, қылмыс құжаттарындағы дәлелдемелердің ешқайсысын дауламай, өзіне прокурордың ұсынып отырған бір жыл 6 ай және 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен келісіп, сотқа ұсынған болатын. Істе зерттелген дәлелдемелердің жиынтығымен барлық жәбірлденуші мен куәгерді тыңдап, бейнетаспаны қарап, сотталушыларға тағылып отырған айып ішінара өз дәлелін таппады деп санап, мемлекеттік айыптаушы сотта өз айыбын өзгерткен болатын".Судья Зарема Хамидуллина
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі