Серік Күдебаевтың ісін қарап жатқан сотта экс-әкім Қанат Бозымбаевтан жауап алынды

Сурет: akorda.kz, ҚР ІІМ баспасөз қызметі
2023 жылғы 24 қаңтарда Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың ісі бойынша соттың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бүгін сотқа Алматы облысының экс-әкімі Қанат Бозымбаев куәгер ретінде шақырылды. Куәгерден жауап жабық есік жағдайында алынды. БАҚ өкілдерін сот залынан шығарып жіберді. Қорғаушылардың бірі Сәуле Көбжанова да құпия ақпарат алуға рұқсаты болмағандықтан, сот залынан шығып кетті.

Сәуле Көбжанованың пікірінше, бұл арқылы қорғауындағы азаматтың құқығы бұзылды, өйткені облыстың экс-басшысына қойылатын сұрақтар көп болған. Бозымбаев 2022 жылғы 5-6 қаңтар аралығында болған бірқатар оқиғаны тәпіштеп айтып бере алатын еді.

Сондай-ақ ол әкімдік ғимаратын басып алған кезде Қанат Бозымбаев қайда болғанын нақты білгісі келетінін айтты.

"Мен 40-қа жуық сұрақ дайындаған едім, алайда Бозымбаев жабық сот процесінде жауап бергісі келетінін айтты ", – деді Сәуле Көбжанова.

Қанат Бозымбаевтың өзі бұл жағдай басқа адамдардың мүддесі мен құқығына әсер етуі мүмкін екенін алға тартып, түсінік беруден бас тартты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді