Алматы облысындағы колония басшысының орынбасары қызметінен босатылды

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысындағы колониялардың бірінің басшысы орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаңтар айында әлеуметтік желілерде Алматы облысындағы колонияда заңсыз әрекет жасалды деген ақпарат пайда болған. Осыдан кейін Түзеу қызметі департаменті тексеру жүргізді.

Тексеру барысында сотталғандардың бірінің туыстары мекеме әкімшілігіне арыз түсіргені анықталды.

"Қолония қызметкерлерін заңсыз әрекет жасады деп айыптаған сотталғандардың туыстары БАҚ өкілдеріне шағымданамыз деп қорқытқан. Мекеме басшысының орынбасары қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, сотталғанды ​​бақылау-өткізу бекетінің темір торы арқылы колонияға келген туыстарына көрсетуді бұйырды".Алматы облысы бойынша ІІД баспасөз қызметі

Артынша бұл жағдай БАҚ өкілдеріне сыбайлас жемқорлық құрамы бар заңсыз кездесу ретінде ұсынылған.

"Сол сияқты, бейнежазбада көрсетілген басқа да фактілер бойынша қолданыстағы нұсқауларды бұзу фактілері бойынша қызметтік тексеру барысында сыбайлас жемқорлық құрамдары анықталған жоқ".Алматы облысы бойынша ІІД баспасөз қызметі

Қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша жіберілген заң бұзушылықтар үшін мекеме басшысының орынбасары қызметінен босатылды. Оған қоса мекеме басшысы бастаған басқа да бірқатар қызметкерлер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін Алматы облысындағы колония басшысының орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатқаны хабарланған еді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 2-1-бөлігі («Лауазымды адамның пайда алу мақсатында қызмет мүдделеріне қайшы келетін қызметтік өкілеттіктерін пайдалануы») бойынша қозғалғаны хабарланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді