Оралдағы түзету мекемесінде жазасын өтеуші терроризмді насихаттағаны үшін қайта сотты болды

Сурет: Zakon.kz
Оралдағы түзету мекемесінде жазасын өтеу кезінде қамаудағылар арасында радикалды идеологияны таратып келген тұтқын сотталды. Бұл ақпаратты Zakon.kz басылымына ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде терроризмді насихаттау фактісі бойынша "У" есімді азаматтың үстінен қозғалған қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

"2023 жылғы 5 қаңтарда Орал қаласының № 2 соты оны ҚР ҚК 256-бабының 1-тармағы бойынша ("Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру") кінәлі деп танып, 4,5 жылға бас бостандығынан айырды".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі 

"У" 2020 жылдан бері түзету мекемесінде жазасын өтеу кезінде қамаудағылар арасында радикалды идеологияны таратып келген.

Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденіп, сот шешімі заңды күшіне енді.


Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады