Ақтөбеде автокөлік ломбардының атын жамылып, қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды

Сурет: freepik
Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар көліктерді қымбат бағамен бөліп төлеу арқылы сатып алып, нарық құнынан төмен бағада сатумен айналысқан. Бұл пирамида Ақтөбе облысында 2022 жылдың наурыз айынан бері жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, келтірілген материалдық шығын көлемі 300 миллион теңгеден асқан.

"Ломбард қызметкерлері автокөлік иелеріне (тіркеу құжаттарына қарамастан) көлігін жоғары бағамен сатып алуды ұсынып, бөліп төлеу шартымен ресми сату-сатып алу шартын (нотариалды куәландырылған) жасаған. Одан кейін көліктер үшінші тұлғаларға жеңілдетілген бағамен сатылды, ал түскен қаражат мүлкін сатқысы келетін басқа адамдарға төленген", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қаржылық монитринг агенттігінің хабарлауынша, "Auto Seller" ЖШС заңды мекенжайы орналасқан жерде тінту кезінде құрал-жабдықтар, заңсыз әрекеттерге қатысты құжаттамалар, діни сипаттағы әдебиеттер, банк карталары тәркіленді.

Сот қаулысымен күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді