Семейде бір үйдің екі адамы пештен шыққан ысқа уланып қалды

Сурет: Zakon.kz
5 ақпан күні Семейде бір ересек адам мен жасөспірім пештен шыққан ысқа уланып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, 5 ақпанында жедел жәрдем станциясының кезекші диспетчерінен жедел жәрдем бригадасы Козбагаров, 23 мекенжайына барғаны жөнінде хабарлама түскен. Онда екі адам пештен шыққан түтінге уланып қалған. 

Осыған орай Абай облысының ТЖД жеке тұрғын үй иелерінен пешті пайдалану кезінде мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екенін ескертті:

"Естеріңізде болсын, улы газ қауіпті, ол тез әрі білінбей әрекет етеді, сондықтан өміріңіз бен денсаулығыңыз қабылданған шаралардың жылдамдығына байланысты. Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыз!"Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты