Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды

Сурет: Indiana university
Қазақстан сейсмологтары елдің оңтүстігінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 6 ақпанда Алматы уақытымен 19 сағат 02 мин 40 сек (2023 жылғы 06 ақпанда Гринвич бойынша 13 сағат 02 мин 40 сек) жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 628 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.7.

MPV магнитудасы - 5.4.

Жел сілкінісі ошағының координаттары - 42.72° с. е. 69.24° ш. б.

Тереңдігі - 5 км.

Сезілуі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Шымкент қаласы: 2-3 балл, Темірлан ауылы: 3 балл


Хабарламаны 2023 жылы 6 ақпанда сағат 19: 18-де "Алматы" Орталық коммуникациялар қызметінің кезекші операторы тіркеді.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды