Апелляциялық сот Біртанов пен Әбішевтің үкімін сол күйі қалдырды

Сурет: Zakon.kz
10 ақпанда апелляциялық сот Біртанов пен Әбішевтің үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі мен оның бұрынғы орынбасары ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Біртановқа бес жылға бас бостандығын шектеу, Әбішевке төрт жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы кесілді.

Олар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сондай-ақ олар Денсаулық сақтау министрлігінің пайдасына 1,3 миллиард теңге көлеміндегі шығынды өтеуі тиіс.
 
2022 жылғы 28 қазан күні Астананың Сарыарқа аудандық №2 сотында бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты үкім шықты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз