Түркияда үйінділер астынан табылған Сәбина Мамадиярованың қолына ота жасалды

Сурет: Telegram/Rescue KZ
Сыртқы істер министрлігі өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы жер сілкінісінен кейін жоғалып, кейін үйінді астынан аман табылған Сәбина Мамадиярованың жағдайын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айбек Смадияровтың айтуынша, Сәбина Мамадияроваға қажетті медициналық көмек беріліп жатыр.

"Жер сілкінісінен аман қалған Сәбина Мамадиярованың жағдайына келсек, ол қазір Адана қаласының мемлекеттік ауруханасында. Кеше оған қолына операция жасалды, денсаулық жағдайы тұрақты. Дипломаттар емдеуші дәрігерлермен тұрақты байланыста, қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бүгін консул оған жеке барып қайтады".Айбек Смадияров

Еске салайық, 8 ақпанда Түркияның Хатай қаласындағы үйінділер астынан Қазақстан азаматы Сәбина Мамадиярова аман-есен табылды. Оның қолы сынған. Ол сол кезде-ақ аурухана жеткізілген еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев