СІМ: Сәбина Мамадиярова дәрігерлердің бақылауында біраз уақыт болады

Сәбина Мамадиярова. Сурет: әлеуметтік желіден
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Түркиядағы жер сілкінісі кезінде жоғалып, кейін үйінді астынан аман-есен табылған Сәбина Мамадиярованың қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біздің консул Сәбина Мамадияроваға барды, оның денсаулығы жақсы. Оның зақымдалған қолына ота жасады. Дәрігерлердің айтуынша, ол әлі де олардың бақылауында біраз уақыт болуы керек".Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров

Еске салайық, кеше, 11 ақпанда кешке Түркиядағы жер сілкінісі кезінде опат болған қазақстандықтар Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің мәйіті Алматыға жеткізілді. 

Сыртқы істер министрлігі мәйіттерді тасымалдауға кеткен көлік шығындарын мемлекет өз мойнына алғанын хабарлады. 

Марқұм Мирболат Құрмашевтың жаназаcы Алматыда жексенбі, 12 ақпанда шығарылады. Бұл туралы оның ағасы Алмат Құрмашев хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз