Қарлы боранға байланысты Үшарал – Достық тас жолы жабылды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі қарлы боранға байланысты Үшарал – Достық тас жолы жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысында 13 ақпан күні сағат 13:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қарлы боран, жолдың нашар көрінуі), Үшарал-Достық тас жолы, 84-184 шақырымдар аралығы, Көктұма стансасы – Достық стансасы учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескерту болған жағдайда құтқарушылардың ескертуіне құлақ түріп, жолға шықпауды сұрады.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты