"Оны еш ақтамаймын": Дәулет Тұрлыханов ұлының адвокаттармен төбелесіне қатысты пікір білдірді

Сурет: olympic.kz
Қазақстанның танымал палуаны, грек-рим күресінен Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Дәулет Тұрлыханов Алматыда ұлына қатысты оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Алматыда ерлі-зайыпты заңгерлер Анна Димитриевич пен Олег Чернов жігітінен таяқ жеген қызды жақтап, салдарынан өздері соққыға жығылғаны хабарланған еді. Зардап шеккендердің айтуынша, шабуыл жасаған адам - Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы.

Заңгерлердің сөзін растау үшін Zakon.kz редакциясы бұл келеңсіздіктің анық-қанығын білу үшін атақты спортшыға тікелей жүгінді.

"Иә, ол менің ұлым – Нұрасыл Тұрлыханов. Ол - кәмелетке толған адам. Мен оны ешбір жағдайда ақтамаймын, ол барлық әрекетіне өзі жауапты. Оқиға кеше түнде болды. Сүйіктісімен ұрысып қалды, соның салдарынан осы жағымсыз оқиға болды. Өздеріңіз түсінгендей, маған да кез келген ата-ана сияқты мұның бәрін есту оңай емес. Үкімді құқық қорғау органдары шығарады".Дәулет Тұрлыханов

Нұрасыл Тұрлыханов 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылуы немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дәулет Тұрлыханов – грек-рим күресінен қазақ балуаны, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ол - Олимпиада ойындарының күміс (1988) және қола (1992) жүлдегері. Ол Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясын басқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді