Тәжікстанда қар көшкінінен 17 адам қаза тапты

Сурет: pixabay
Тәжікстанда қар көшкінінен қаза тапқандар саны 17-ге жетті, деп хабарлайды Zakon.kz

Тәжікстан үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитеті таратқан мәлімет бойынша,Таулы Бадахшан облысы, Сангвор ауданы және Душанбе-Ходжент тас жолының аумағында қар көшкіні жүруі салдарынан төрт тұрғын үй толықтай, 35 үй ішінара және Хорог қаласында бес үй шаруашылығы қираған. 

"Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында қар көшкіні салдарынан Хорог қаласында 13 адам, Шугнан ауданында бір адам, Вандж ауданында екі адам және Душанбе-Варзоб тас жолының 65-шақырымында бір адам қаза тапты. Елде қар көшкіні салдарынан барлығы 17 адам қаза тапты, Ишқашым ауданынан екі студенті әлі іздестіріліп жатыр", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Тәжікстан Республикасы үкіметінің жауапты тұлғалары мен бірқатар министрліктер мен комитеттердің бірінші басшылары арасынан табиғи апаттардың зардаптарын жою жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылғаны хабарланды.

Комиссияның алдына табиғат апатының зардаптарын тез арада жойып, зардап шеккен отбасыларға материалдық көмек көрсету міндеті қойылды.

16 ақпан күні Тәжікстанда қар көшкінінен 14 адам қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Тәжікстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты