Екібастұзда көпқабатты тұрғын үйдің бірінде өрт болды

Сурет: gov.kz
Екібастұзда бес қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт болды. Өрт сөндірушілер 20 адамды эвакуациялады, олардың 4-і - балалар, деп хабарлайды Zakon.kz.


"2023 жылы 19 ақпанда сағат 9.59-да Павлодар облысы ТЖД-ның "101" басқару орталығына Екібастұз қаласының Қонаев көшесіндегі үйлердің бірінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті".

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шыққанын анықтады.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында 20 адам эвакуацияланды, оның төретуі - бала.  Сондай-ақ өрттің ары қарай өршуіне жол берілмеді. 

Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.

Өрт сағат 10:21-де ауыздықталып, 10:34-те толығымен жойылды.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталу үстінде. 

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз