V-XIII ғасырлар аралығындағы көне монеталарды Қазақстаннан АҚШ-қа заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Сурет: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ббаспасөз қызметі
Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің "Жетісу" кеден бекетінің қызметкерлері Алматы әуежайындағы халықаралық почта жөнелтілімдерін бақылау учаскесінде көне монеталарды Қазақстаннан АҚШ-қа заңсыз әкетпек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, құжаттарға арналған қаптама қапшығының қабырғаларында монеталарды жасыру фактісін кеден қызметкерлері 22 қаңтар күні қондырғының рентгенографиясын пайдалана отырып, сканерлеу барысында анықтады.

Сурет: Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 

Ұсталған монеталар V-XIII ғасырлар аралығында Орта Азия аумағында монета әдісімен жасалған және тарихи құндылыққа ие.

Сурет: Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 

"Табылған заттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елден әкету міндетті декларациялауға жататын және уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда ғана мүмкін болатын мәдени және тарихи құндылықтар санатына жатады".Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Дәурен Мұстафин

Ведомство өкілдерінің хабарауынша, қазіргі уақытта анықталған факт бойынша алынған заттар мен материалдар сарапшыларға берілді, олар қорытындыдан кейін монеталарды әкетуге әрекет жасаған адамға қатысты тиісті процестік шешім қабылдайтын болады.

Сурет: Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

Айта кету керек, соңғы уақытта тыйым салынған тауарларды контрабандалық жолмен әкелу үшін пошта жөнелтілімдерінің арнасы көбірек қолданылуда.

Тек 2022 жылы Алматы қаласының әуежайында айналымға тыйым салынған тауарларды, оның ішінде есірткі және психотроптық заттарды, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді кедендік шекара арқылы өткізудің ондаған жағдайлары тоқтатылды.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Білім беру жинақтау салымы бойынша түзетулер енгізілді

Астанада Тарихшылардың ұлттық конгресінің форумы өтті

Тұман, көктайғақ: ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Қазақстандағы мобильді аударымдар: қандай азаматтар тексеріледі