Джо Байден Киевке келді

Сурет: Telegram/V_Zelenskiy_official
Бірқатар украиналық БАҚ АҚШ президенті Джо Байден Киевке келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Украина президенті Владимир Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасына Ақ үй басшысымен бірге түскен суретін жариялады.
"Джозеф Байден, Киевке қош келдіңіз! Сіздің сапарыңыз барлық украиналыққа қолдау көрсетудің белгісі ретінде өте маңызды". Владимир Зеленский
Германияның Bild таблоидының журналисі Юлиан Рёпке Twitter-де Байден Киевке келгенін жазды. 

Кейін "Униан" басылымы АҚШ президенті Украина астанасында екенін мәлімдеп, екі елдің президенттеріне ұқсайтын адамдар бейнеленген фото мен бейнежазба жариялады. Әзірге әлеуметтік желілерде таралған кадрлар фото мен видеолардың шынайылығын анықтауға мүмкіндік бермей тұр.

Джо Байден Владимир Зеленскиймен бірге Михайлов алаңында серуендегені хабарланды. Оған әуе шабуылы дабылының жұмысы көрсетілді.


АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды