Алтайда шешесі бір жарым жасар қызын тірідей жағып жіберді

Сурет: pixabay
Алтай өлкесінде бір әйел сегіз жасар ұлының көзінше кішкентай қызын тірідей өртеп жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресейдің Алтай өлкесі бойынша тергеу комитетінің мәліметінше, әйел 20 ақпан күні әйел 1,5 жасар қызын қоймаға алып барған.

"Шешесі қызының үстіне жанғыш сұйықтық шашып, 8 жасар ұлының көзінше оны өртеп жіберген, сонан соң ол оқиға орнынан қашып кеткен. Бала алған жарақаттарынан көз жұмды". Ресей Федерациясының Алтай өлкесі бойынша тергеу комитетінің баспасөз қызметі

Кейін белгілі болғандай, отбасы тұрмысы нашар отбасы ретінде есепте тұрған, бұрын сот әйелдің ата-ана құқығын шектеген.

Ведомство өкілдері әйелдің ұсталғанын мәлімдеді.

Алтай өлкесінің балалар құқығы жөніндегі уәкілі Ольга Казанцева бұл отбасынан екі бала балалар үйіне алынғанын атап өтті.

"Отбасында тағы екі бала бар, ал қызға қатыгездік 8 жасар ұлының көзінше жасалып  жатыр. Балалар мемлекеттік мекемелерге орналастырылды. Губернатор жағдайды жеке бақылауына алды", – деді ол.

Шығыс Қазақстан облысында 17 желтоқсан күні әкесі мен баласының мүрдесі табылды. Полицейлердің сөзінше, әкесі ұлын аңшы мылтығымен атқан, соңғысы қайтыс болған. Осыдан кейін ол өз-өзіне қол жұмсады.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты