Алматы қаласының прокуратурасы Ботаника бағына кіру құнын төмендетті

Сурет: Zakon.kz
Алматыда прокуратура Ботаника бағына кіру билеттерінің бағасын 103 теңге төмендетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаланың табиғатты қорғау мамандандырылған прокуратурасы "Ботаника және фитоинтродукция институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына кіру билетіне тариф белгілеуде бұзушылықтарды анықтады.
"Прокурорлық қадағалау актісіне сай, азаматтардың Ботаника бағына кіру тарифі 103 теңге төмендетілді", - деп хабарлады Алматы прокуратурасы.
Енді Ботаника бағына кіру құны ересектерге 850 теңге, студенттерге 685 теңге, зейнеткерлер мен мектеп оқушылары үшін 503 теңге болмақ.
"Келушілерге ыңғайлы болу үшін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен келісе отырып, жаңа тарифтерде Ботаника бағы аумағындағы барлық баға тиынсыз болады. Билет құнына сапарға кіру билетінің бағасы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдалануға 0,1 АЕК мөлшеріндегі салық кіреді".Бас ботаника бағының баспасөз қызметі.
Бұрын Ботаника бағына кіру билеттерінің құны ересектерге 953,30 теңге, студенттерге 683,30 теңге, мектеп оқушысы/зейнеткерлер/АӘК алушыларға 503,30 теңге болса, мүгедектігі барлар/ардагерлер/7 жасқа дейінгі балаларға тегін болған еді.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды