Ішкі істер министрлігі журналистерге жасалған шабуылдарға қатысты пікір білдірді

Сурет: pixabay
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев сенат отырысында журналистерге шабуыл жасау фактілеріне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАҚ өкілдері Марат Қожаевтан журналистерге шабуыл жасау фактілері біреудің тапсырысымен жасалған-жасалмағанын және олардың кәсіби қызметіне қатысы бар-жоғын сұрады.
"Журналистерге жасалған шабуылдың барлық фактісі бойынша бұл әрекеттерді жасаған тұлғалар анықталып, ұсталды. Тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Мұндай қылмыстың себептері мен оның артында кім болуы мүмкін екені тергеу барысында анықталады. Сондықтан бүгін әзірше тапсырыстар мен жеке бастамалар туралы айтуға ерте".Марат Қожаев
22 ақпанда Алматыда журналист Данияр Молдабековке үйінің кіреберісінде маска киген белгісіз ер адам шабуыл жасаған.

Қазақстанда журналистер мен блогерлерді қорқытқаны үшін жарты жылда 18 адам ұсталды. ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 журналист пен блогерге, сонымен қатар бір адамға қатысты жасалған әрекеттің "олардың қызметіне қатыстылығы тексерілген". ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы «Қорқыту», 147-бабы «Жеке өмір туралы ақпарат тарату», 158-бабы «Журналист қызметіне кедергі келтіру», 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою», 293-бабы «Бұзақылық» бойынша 20 қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды