Алматыда ҰҚК арнайы операция жүргізді

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында заңсыз қару айналымы арнасының жолын кесуге бағытталған арнайы операция өткізіп, ұйымдастырушыны және оның көмекшілерін құрықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомсвто бұл операция алдында ұзақ жедел зерделеу жұмысы жүргізіліп, оқ-дәрімен ататын және өзге де суық қаруды, сонымен қатар оқ-дәрінің сирек кездесетін түрлерін жеткізу мен сату жүйелері анықталғанын, құжатпен бекітілгенін нақтылайды.  

"Қаскөйлер құпиялық шараларын қатаң сақтап, саудалаудың қалыптан тыс әдістерін пайдалану арқылы қылмыстық ұйымның жұмысын әшкерелеуді қиындатқан. Уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыстық бизнеске тосқауыл қойылды".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі


Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі


Қару-жарақтың негізгі бөлігі жақын шет елдерден қалыптасқан құпия арналар арқылы жеткізіліп тұрғаны анықталды.

"Заңсыз айналымнан 12 бірлік қару (жетілдірілген тапаншалар, мылтықтар, заманауи жабдықталған қарулар), 2000 аса оқ-дәрі, сонымен қатар суық қарудың бірнеше түрлері (мөлшермен жасалған қымбат пышақтар, қанжарлар, қылыштар, жүзі жасырылған қол таяқтар т.б.) алынды". ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

 Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.


Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі


 


Алматы
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі