Италияда мигранттар мінген желкенді қайық суға кетіп, 59 адам қайтыс болды

Сурет: pixabay
Соңғы мәліметтер бойынша, Италия жағалауында қаза тапқандар саны 59-ға жетті. Қаза тапқандар арасында 12 бала бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауғанстан мен Ираннан адам таситын кеме желкенді қайық болған. 26 ақпанда таңертең ол Италиядағы Стеккато-ди-Кутро жағалау курорты маңында дауыл салдарынан суға батып кетті, деп жазды Reuters.

Бастапқыда 40 адам аман қалып, 30 адам қаза тапты деп болжанған еді. Кеме суға батқаннан кейін бір тәулік өтпестен Италияның ішкі істер министрі Маттео Пиантедоси кем дегенде 59 адам, оның ішінде 12 бала қайтыс болғанын хабарлады. 20-30-дай адам адам із-түзсіз кетті деп саналып отыр. Сонымен бірге, нақтыланған ақпарат бойынша, бортта 200-ге жуық мигрант болған.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты