Прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Сурет: gov.kz
Прокурор 28 ақпан күні өткен сотта Алматы облысы полициясының бұрынғы басшысы Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы облысы полиция департаментініңі бұрынғы басшысына тағылған айыптардың бірі – қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде оның әкімшілік ғимараттан ғана емес, Талдықорған қаласынан да кетіп қалуы.

2022 жылғы 13 мамырда Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылғаны белгілі болды. Бас прокуратураның хабарлауынша, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы "ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік" бабы бойынша күдікке ілінді.

Серік Күдебаев 2020 жылдың қаңтарында Алматы облысының полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды. 2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді