Бас прокуратура кәсіпкер Әбдіғаппаровқа қатысты үкімді жоюды сұрады

Сурет: Instagram/almas_abdygapparov
Бас прокуратура кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың ісі бойынша Жоғарғы Сотқа кассациялық наразылық берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Наразылық туралы кәсіпкердің адвокаты Сәуле Кобжанова хабарлады. Ол Бас прокурорға объективтігі үшін алғысын білдірді.
"Сіздердің Алмас Әбдіғаппаровқа қатысты сот актілерімен келіспеу туралы өтінішіңіз қаралды. Сіздің өтінішіңіз бен қылмыстық іс материалдарындағы уәждеріңізді зерделеу нәтижесі бойынша Бас прокуратура 2023 жылғы 27 ақпанда сотқа Жоғарғы Сот сот актілерінің күшін жойсын деп кассациялық наразылық келтірді."Бас прокуратураның құжаты
2022 жылы 5 шілдеде кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаров 1 миллион доллар жымқырды деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәсіпкердің қамауға алынғаны 2021 жылдың шілдесінде белгілі болды. "AV Construction" ЖШС директорының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс элиталы вилланың сатылуына байланысты болды.

2022 жылдың 24 тамызында кәсіпкерге қатысты үкім өзгермегені белгілі болды.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді

Тоқаев кореялық компанияларды Қазақстанда өндіріс орындарын ашуға шақырды