Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық шекараны кесіп өтпек болғанда ұсталды

Сурет: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
2023 жылғы 28 ақпанда халықаралық іздеудегі ҚР азаматын ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жамбыл бойынша департаментінің "Сортөбе" шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері Қырғыз Республикасынан Қазақстанға өту мақсатымен мемлекеттік шекараны заңсыз кеспек болғанда қолға түсірген.

Шекара қызметінің басшылығы заң бұзушыны ұстау кезінде көрсеткен өжеттілігі мен шеберлігі үшін  шекарашыларды марапаттау мәселесін қарастырып жатыр.

Сонымен қатар 2023 жылғы 1 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жамбыл бойынша департаментінің әскери қызметшілері "Айша бибі" өткізу бекетінде де Қазақстанда қылмыс жасағаны үшін іздеудегі ҚР азаматын ұстады.

Ұсталғандар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты