Атырау облысында мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен тұрғындар табылды

Сурет: Атырау облысы ТЖД
9 наурыз күні сағат 11:30 шамасында мал іздеуге шығып, байланысқа шықпаған 1969 және 1965 жылдары туған тұрғындар табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оларды Атырау облысы ТЖД қызметкерлері ТРЭКОЛ автокөлігімен 2023 жылғы 10 наурызда сағат 13:25-тен бастап Атыраудың Алғабас селосынан 50 шақырым қашықтықта іздестірді.

Бүгін, 10 наурызда сағат 17.23-те іздестіру-құтқару жұмыстарына қосымша "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды.

"Сағат 17:47-де Атырау облысы ТЖД қызметкерлері жоғалған азаматтарды тауып, қауіпсіз аймаққа жеткізіп, туысқандарына  тапсырды. Азаматтардың жағдайы жақсы, медициналық көмекті қажет етпейді". Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД қызметкерлері мен техникасы, "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы мен тәжірибелі экипажы жұмылдырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды