"Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша ,Тасқала ауданының Тасқала ауылындағы "Дерқұл-Тасқала" гидробекетінде 11 наурызда таңертең Дерқұл өзеніндегі су деңгейі 544 см құрады, тек бір тәулік ішінде судың деңгейі 158 см-ге көтерілді. Шежін-2 ауылында Шежін-2 өзеніндегі су деңгейі 799 см құрады.
Тасқала ауданындағы екі елдімекен және Бәйтерек ауданындағы 8 елдімекен су басуы ықтимал аймаққа жатады.
Жергілікті жерлерде әкімдіктер мен ТЖД қатарынан кезекшілік ұйымдастырылды. Тұрақты негізде су айдындарына мониторинг жүргізілуде.
Облыс әкімінің орынбасары Е.Т. Балтаевтың басшылығымен облыстық ТЖ жөніндегі комиссияның шұғыл отырысы өткізілді.
Жағдай күрделеніп жатса деген қауіппен ТЖД құтқару бөлімшелері мен техникасы Тасқала ауданының Тасқала кентіне және Бәйтерек ауданының Зеленое кентіне (Шежін-2 кентінің жанында) жеткізілді, халықты хабардар ету жүргізілді.
Тасқала ауданы мен Бәйтерек ауданының аумағын Қазавиақұтқару тікұшағымен әуеден барлау жүргізу жоспарлануда.
Ауа температурасы күндіз 2-ден 8 градусқа дейін жылы, түнде 0-ден 5-ке дейін аяз. Дерқұл өзеніндегі мұздың қалыңдығы - 90 см.
Топырақтың қатуы 115 см құрайды, қар тез еріген жағдайда қар суының жерге сіңіп үлгермеу қаупі бар.
2023 жылы 11 наурыздағы таңертеңгі жағдай бойынша әртүрлі нысандардың жертөлелерін су басудың 10 фактісі тіркелді. Орал қаласының жеке үйлердің үй маңындағы аумақтарын су басудың 13 фактісі бар. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, малдар қауіпсіз аймаққа айдалды.
2023 жылы 28 ақпаннан бастап БҚО ТЖД базасында су тасқынына қарсы облыстық жедел штаб құрылды, 9 наурыздан бастап штаб тәулік бойғы жұмыс режиміне ауыстырылды.
Жергілікті атқарушы органдардың күшімен тәулігіне 6573 м3 қар шығарылуда. Жалпы 315015 м3 қар шығарылды.
Жергілікті атқарушы органдар 33141 шаршы метр еріген қар суын сорып шығарды (жұмыстар Орал қаласында - 2345 м3, Ақжайық ауданында – 12000 м3, Бәйтерек ауданында – 3737 м3, Тасқала ауданында - 1100 м3, Бөрлі ауданында – 7130 м3, Жаңақала ауданында - 1799 м3, Теректі ауданында – 3220 м3, Қаратөбе ауданында – 160, Шыңғырлау ауданы-670,Сырым ауданы-980 м3 жүргізілуде). Жалпы 80213,6 шаршы метр еріген қар суы сорылды.
Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге:
− 1142 адам;
- 362 бірлік техника;
- 138 бірлік мотопомпа;
- 178 бірлік су айдау техникасы жұмылдырылды.
- Тұрғындардан түскен 517 қоңырау пысықталды.
5517 әскери бөлімінің күшімен тұрғын үйлердің еріген қар суы басу қаупін болдырмау үшін құм салынған 25 қап төселіп, 1500 қап дайындалды.
Төтенше жағдайлардың туындауын болдырмау және алдын алу шараларын жүргізу, сондай-ақ су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік бойынша білімді насихаттау мақсатында халық арасында жадынамаларды тарату бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Тәулігіне 7649 ақпараттық жадынама таратылды (осы уақытқа дейін жалпы 24999 жаднама таратылды).