Пара алғаны үшін "Алматы жылу желілерінің" бас директоры және бірнеше қызметкері сотталды

Сурет: freepik
"Алматы жылу желілерінің" бас директоры мен басқа да басшылары жемқорлық үшін сотталды. Олар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотының үкімімен пара алғаны үшін:

Сондай Агенттік бұл адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылғанын мәлімдеді.

"Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы сомасы 2 млрд 80 млн теңгені құрады, бұл 350 орындық мектеп немесе 320 орындық балабақша құрылысының бюджетіне тең".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

АЖЖ лауазымды тұлғалары Алматы қаласында жылу желілерін қайта құру туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және ақша қаражатын аударғаны үшін Б. Разимбековтен 16 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктенді.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды