ІІМ нашақорлықты анықтау үшін скрининг өткізу жүйесін енгізуді жоспарлап отыр

Сурет: Астана қаласы ПД
Ішкі істер министрлігі есірткіге тәуелді адамдарды емдеу және оңалту, сонымен бірге профилактиканың тиімді жүйесін қалыптастыруға алаңдаулы. Министрдің сөзінше, бүгінде нашақорлардың нақты және сенімді cаны жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарапшылардың пікірінше, нашақорлардың нақты саны ресми деректерден кемінде 5 есе көп. Мысалы, Денсаулық сақтау министрлігінің есебінде 18 мың нашақор бар.

"Сондықтан толыққанды есепті қалыптастыру үшін мәліметтерді түрлі дерекөзден алу қажет. Қазір өкінішке қарай, есірткі қолдану фактілері тіпті оқушылардан анықталып жатыр. Сондықтан болашақта скрининг өткізу жүйесін енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл қоғамның нашақорлық деңгейін объективті түрде бағалауға және есірткіге тәуелді адамды, әсіресе жасөспірімдер арасында ерте бастан анықтауға мүмкіндік береді", - деді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

Сонымен қатар Марат Ахметжанов наркологиялық көмек пен қайта оңалту сапасын арттыру қажет екенін айтты. Ол үшін наркологиялық диспансерлерді жаңғырту және жөндеу, емдеу-еңбек шеберханаларын құру көзделіп отыр.


Қазақстан
Ахметжанов Марат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті