Швециядан еуро банкноттарын заңсыз айырбастаған қазақстандық экстрадицияланды

Сурет: видео скрині
Швецияның Әділет министрлігі ҚР Бас прокуратурасының банкноттарды ірі мөлшерде өткізгені үшін іздеуде жүрген азаматша Б.-ны беру туралы туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті 2019 жылғы желтоқсан мен 2020 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан банктерінің біріндегі қызметкерлерінің көмегімен жалған еуро банкноттарын заңсыз айырбастаған.

Қылмыс жасағаннан кейін Б., қазақстандық құқық қорғау органдарынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Оның серіктестері әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

"Бүгін Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдікті Б.-ны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады". Қазіргі уақытта ол ҚАЖ Астана бойынша департаментінің тергеу изоляторына қамалды. Жоғарыда аталған қылмысты жасағандар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады