Алматылық дәрігерлер көзіне металл кіріп кеткен адамның жанарын сақтап қалды

Сурет: Орталық қалалық клиникалық аурухана
Көлігін жөндеу барысында 62 жастағы ер азаматтың оң көзіне металл сынығы түскен. Ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен көзге жоғары технологиялық операциялар жасайды. Биыл жыл басынан бері офтальмология бөлімшесінде 450-ге жуық операция жасалыпты. Осындай күрделі отаның бірі жайлы ОҚКА офтальмологы Гүлзат Әбдірайымова әңгімелеп берді.

"Металл сынығы көздің барлық қабатынан өтіп, көз орбитасының ішіне, жанардың жүйке тамырлары орналасқан тұсына қадалған. Ота барысында металл алынып, жарақаттың салдарынан болатын менингит пен сепсистің алдын алдық. Күрделі ота 3 сағатта аяқталды. Жалпы мұндай ота асқан шеберлікті, зергерге тән дәлдікті талап етеді. Өйткені операция барысында көздегі шыныәйнектің пішініне титтей де зақым келмеуге тиіс", - дейді офтальмология бөлімшесі меңгерушісі Гүлзат Әбдірайымова.

Жоғары технологиялар мен білікті мамандар пациенттің көз жанарын сақтап қалды. Қазір емделушінің жағдайы жақсы, көру қабілеті қалпына келді. Бірақ ол алдағы уақытта көз дәрігерлерінің бақылауында болуы керек.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді